Харам мешітінде «Саудия айлағы» пайда болды
Харам мешітінде «Саудия айлағы» пайда болды
2 жыл бұрын 1571 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қасиетті қос мешіт істері жөніндегі басқарма жетекшісі Әбдірахман ас-Судайстың мәлімдеуінше, Қағбаны айналып өтуге мүмкіндік беретін матаф аймағын кеңейтіп, оған ресми атау берілді – «Саудия айлағы». Атаудың рабша және ағылшынша («The Saudi portico») жазуы бар тақтасы ілінді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Saudi Gazette мерзімді басылымына жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Саудия айлағы» 4 қабаттан тұрады және 284 мың адамды сыйдыра алады, ал сағатына 107 мың қажыны өткізе алады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, жылдан жылға қажылар қарасының көбеюіне байланысты Харам мешіті аталған араб елінің негізін қалаған Сауд кезінен бастап, корол Файсал және корол Халид тұсында кеңейтіліп келеді. Мұхаммед бен Салман дәуірінде матаф аймағын ұлғайту жобасы аяқталуы тиіс.

0 пікір
Мұрағат