Халықаралық сот блокадада қалып қойған Катарға қатысты қандай үкім шығарды
Халықаралық сот блокадада қалып қойған Катарға қатысты қандай үкім шығарды
6 жыл бұрын 3003 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Кезінде "террористерге дем беруші ел" ретінде айыпталып, Парсы шығанағы елдері тарапынан оқшауланып қалған Катарға қатысты Біріккен Ұлттар Ұйымының басты сот инстанциясы мынадай үкім шығарды: Біріккен Араб Әмірліктерінің Катарға жариялаған байкоты нәсілдік кемісутішілікке пара-пар ретінде бағаланып отыр. Естеріңізге тағы бір мәрте сала кетсек: бұрын да бірнеше рет хабарлағанымыздай, 2017 жылдың шілде айында Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Бахрейн және Мысыр елдері Катармен арадағы дипломатиялық, экономикалық, саяси қатынасты, сондай-ақ, әуеден, құрлықтан және теңізден байланысты үзіп, байкот жариялап, блокадада қалдырған болатын. Ол ол ма, жері шектесіп жатқан Саудия Катарға Куба арал-мемлекеттің кебін кигізетінін жариялап, екі елдің арасында канал қаздыруға пәрмен берген болатын. Осы мақсатта тендер жариялағаны турасында кезінде хабардар еткенбіз. Өткен айда Катар БҰҰ жанындағы Халықаралық сотқа шағымданып, БАӘ билігін халықаралық құқты бұзғаны үшін айыптаған еді: БАӘ билігі өз аумағында отбасы мен жылжымайтын мүлкі бар мыңдаған катарлық азаматтарды елден қуып шықты. Мұнымен ғана шектеліп қалмай, Катарға қарсы теңіз және әуе кеңістігін жапқан болатын. БҰҰ жанындағы халықаралық соттың үкімі бойынша БАӘ билігі Катардың азаматтарының құқығын бұзбауды, соның ішінде осы елде білім алып жатқаг катарлық студенттердің оқуын бітіргенше оларды елден қумауды міндеттеді. 

0 пікір
Мұрағат