Халық саны жағынан 1-ші орынға шыққан Үндістан әлемдік өндіріс орталығына айналуды мақсат етеді
Халық саны жағынан 1-ші орынға шыққан Үндістан әлемдік өндіріс орталығына айналуды мақсат етеді
2 жыл бұрын 1140 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Danish Siddiqui / Reuters

Үндістан халқының саны жағынан Қытайды басып озды. Бұл жайында islam.kz порталы MarketWatch ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. World Population Review (WPR) тәуелсіз ұйым келтірген дерекке қарағанда, сәуір айының 17-і күнгі мәлімет бойынша Үндістанда 1 425 937 441 адам өмір сүріп жатыр. Ал бұл көрсеткіш Қытайда - 1 425 744 008. Демографиялық артықшылығына байланысты Үнідстанның әлемдік өндіріс орталығына айналу әлеуеті жоғары: тек халқының саны жағынан ғана емес, сонымен қатар, халқының құрамы бойынша да экономикалық әлеуеті жоғары. Мәселен, Азияның оңтүстігіндегі аталған елде 25 жыл бұрынғы 68 мүмкіндігі шектеулі жандар көрсекішіне қарсы  еңбекке жарамды 100 адамға шаққанда бүгінде 47 ерекше қажеттілігі бар жаннан келеді. Ал 2048 жылы бұл тараптағы көрсеткіш 100 мың еңбекке жарамды адамға шаққанда 45-ке түсіп, мемлекет осы бағыттағы көрсекіш бойынша 43-ші рыннан 23-ші орынға көтеріледі. Үндістан әлемдік өндіріс және тұтыну орталығына айналу арқылы Қытайды бұл мәртебеден айырады. Жаппай тұтынылатын, яғи, бұқаралық тауарлардан бастап, жартылай өткізгіш өндірісіне дейін қамтитын өнеркәсіптің 13 секторын ынталандыру жоспары дайындалып жатыр. Өткен айда Үндістанның сауда-саттық министрі 2030 жылы елдің экспорт деңгейін жылына 2 трлн долларға жеткізуді алдарына мақссат етіп қойғандарын мәлімдеген болатын.

0 пікір
Мұрағат