Халқы азайып келе жатқан Ресейді мигранттар да құтқара алмайды
Халқы азайып келе жатқан Ресейді мигранттар да құтқара алмайды
6 жыл бұрын 2514 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Бұрынғы КСРО елдерінен ағылған мигранттар да жылдан жылға едәуір кему үстіндегі Ресей халқының азаю процесін тоқтатуға қауқарсыз. Өйткені, соңғы жылдары Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдерден Ресей аумағына түпкілікті қоныс аударушылар мен уақытша нәпақасын айыруға барғандар саны кеміп келеді. Бұған РФ билігінің еңбек мигранттарына талапты күшейткені де себеп болуда. Бұдан бөлек, сарапшылар ТМДның миграциялық қоры таусылғанын алға тартуда. Мәселен, 2018 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Ресей халқының саны 78,7 мың адамға азайған. Бұл жайында Ресейдің статистикалық комитеті (Росстат) мәлім етті. Аталған ел тұрғындарының табғи кемуі 10 айдың ішінде 180,5 мың адамға жеткен. Ал мигранттардың қарасы 101,8 мың адамға артқан. Яғни, мигранттар халықтың азаюының орнын тек 56,4%-ға ғана толтыра алған. Мұндай жағдай 2008 жылы да орын алған еді: сол кезде мигранттар халықтың азаю орнын тоотыра алмаған болатын (43%-ды немесе 76,6 мың адамнан аспаған еді мигранттар саны) - сол кезде Ресей халқы алдыңғы жылдармен салыстырғанда 10,3 мың адамға кем болған еді. 

0 пікір
Мұрағат