«Халифалықтан гөрі әділеттілік маңыздырақ»
|
«Ислам дінінде әділеттіліктің, әділ болудың маңызы жоғары. Оның өз кезегінде шариғатқа негізделген мемлекет құру идеясынан еш айырмашылығы жоқ. Аты басқа болғанымен заты бір ұғымдар екеуі де. Халифалықты көксеген, осылайша бар билікті өз қолына алғысы келетін әлдекімдер сасық саясатымен мұсылмандардың арасына от тастап, елді алатайдай бүлдіріп жүр». Есімі елге белгілі ислам ғалымы, мұсылман әлемі мен батыс елдерінің арасын жақындастыруды көздейтін «Кордова бастамасы» деп аталатын трансұлттық дербес жобаның жетекшісі Фейсал Абдул Рауф осындай пікір білдірді.
Ол бұл сөзіне дәлел ретінде халифалықты құру идеясының қасиетті Құранда айтылмағанын алға тартты. Пайғамбарлар падишасы Мұхаммед Мұфтафаның да (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) халифалықты құруға талпынбаағанын жеткізді.
«Ислам мемлекеті үшін ең алдымен әділет ұғымы алдыға шығады, ал мемлекеттік құрылымның қандай болатынының бәлендей маңызы жоқ. Маңыздысы – нәтижесі»,- деді ол.
«Дінді саясат құралына айналдыру мұсылман үмбетінің арасына жік тастайды»,- деді артынша.