Халал стандарты мемлекет деңгейінде бекітілді
Халал стандарты мемлекет деңгейінде бекітілді
7 жыл бұрын 2936 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Өзбекстанда «халал» стандарты ресми түрде бекітілді. Бұл жайында аталған елдің «Өзстандарт» метролгия, стандарттау және сертификаттау агенттігі мәлім етті. «Аталған стандартты енгізу әрі талапқа сай сертификаттауды жүргізу – отандық өндірушілер үшін өткізу нарығын кеңейтудің, қажылық туризм бағытында туриндустрияны дамытуға ықпал етудің сәтті мүмкіндігі»,- деп айтылған ресми хабарламада. «Халал» стандартын енгізумен байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстардың аясында «Өзстандарт» агенттігі 2018 жылдың ақпан айының 1-нен бастап «Халал» тағам өнімдері бойынша жалпы басшылыққа алу» Oz DSt 3286:2018 мемлекеттік стандартын қолданысқа енгізеді. Сөз орайы келгенде айта кетейік, «халал» стандартында өнімді шариғат талаптарына сай дайындау, қаптау, маркілеу, сақтау, тасымалдау, сату қарастырылған.

0 пікір
Мұрағат