Халал компанияларға салынатын салық азайтылады
Халал компанияларға салынатын салық азайтылады
8 жыл бұрын 2438

Пәкістанда өсімқорлыққа негізделген пайыздық қаржыландыру көздерімен белсенді күрес жүргізіліп жатыр. Осы бағытта шариғат талаптарынан сай тауар өндіріп, қызмет көрсететін компанияларға салынатын салықты азайту шарасы қолға алынды. Нақтырақ айтқанда, халал компаниялар әдеттегі компанияларға қарағанда салықты екі пайызға кем төлейтін болады. Бұл шара, бір жағынан, елле ислами нарықты ұлғайту үшін де қолға алынып отырғанын айта кету керек. Аталған бағдарлама аясында Пәкістанның Орталық банкі және құнды қағаздар мен биржа жөніндегі мемлекеттік комиссия халал компанияларға салықтық жеңілдіктер енгізуге пәрмен берді. Елдің басты қаржы мекемелерінің осынау бағдарламасы нәтижесіз де емес. Қазіргі уақытта халал компаниялар қатарына ену үшін алты компания тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр.

0 пікір
Мұрағат