Хакерлер 100-ден астам банктен 300 млн доллар ұрлаған
Хакерлер 100-ден астам банктен 300 млн доллар ұрлаған
10 жыл бұрын 2858

"Касперский зертханасы" бірнеше елдің хакерлері қатысқан кибер алаяқтықты анықтады. Шоттардан әлемнің 30 еліндегі 100-ден астам банк клиенттерінің $300 млн ұрланған. Бұл жайында nur.kz сайты  Bnews.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

"Касперский зертханасы" 2013 жылдың соңында банк ұрлықтарын зерттеуге тартылған болатын. Анықталған алаяқтық тарихтағы ең ірі банк ұрлығының бірі болуы мүмкін. Хакерлер жалған шоттарды қолдана отырып, Ресей, Жапония, Швейцария, АҚШ және Нидерланды банктері клиенттерінің миллиондаған долларын жымқырған екен. NYT мақаласына сәйкес "Касперский зертханасы" 300 млн доллардың ұрланғанын дәлелдеп шыққан. Компанияның мәліметінше, ұрланған қаржы бұдан үш есе көп болуы мүмкін. Зерттеуде әлемнің 30 еліндегі 100-ден астам банк пен өзге де қаржы институттарының клиенттері хакерлердің құрбанына айналғаны айтылған.

0 пікір
Мұрағат