Голландия полициясы қырандарды ұшу құралдарын ұстауға үйретуде (видео)
|
Голландия полициясы қырандарды адамсыз басқарылатын ұшу құралдарын ұстауға үйретіп жатыр. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, жаңа жоба инфрақұрылым нысандарын қорғау мен жаппай қоғамдық шаралар кезінде қауіпсіздікті күшейтуге септігін тигізбек. Бастамаға ұйытқы болған полицейлер бүркіттерді тың әдіске баулып қана қоймай, олардың амандығын да ойлау қажет дейді. Бұдан басқа қолайсыз ауа райы жағдайын ескеру керектігі де айтылуда. Жаттығу сынақтары ойдағыдай аяқталса, тәртіп сақшылары қырандарды ұшатын құралдарды ұстау қызметіне пайдалану туралы шешімді жыл аяғына дейін қабылдамақ. Шурд Хоогендоорн, жобаға қатысушы: - Құстардың аяғына былғары қапшық кигізіледі. Бұл олардың тырнағын қорғау үшін қажет. Бірақ полицияның талабы бойынша, біз қосымша қорғаныс тәсілдерін іздестіріп жатырмыз. Жаттығулар жасау кезіндегі ең басты проблема – желдің әсері. Оның құстарға зияны жоқ, ал ұшу құралдарына кедергі жасайды.