|
Германия мұсылмандарының саны 6 жылда 5 есеге көбейген
|
Таяуда Германия аумағында жүргізілген ресми халық санағынан белгілі болғандай, Еуропаның қақ төріндегі елде соңғы 6 жыл ішінде мұсылмандар қарасы 5 есеге көбейген. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Sabah ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көші-қон мен босқындар ісі жөніндегі федералды басқарма жүргізген халық санағының нәтижесі бойынша аталған ел аумағында бүгінде 5,3 млн-нан 5,6 млн-ға дейін мұсылман тұрып жатыр. Ал бұл көрсеткіш 2015 жылы бар-жоғы 900 мыңнан аспап еді. Осылайша Германиядағы мұсылмандар қарасы ел тұрғындарының 6,4%-дан 6,7%-ға дейін құрап отыр. Аталмыш федералды басқарма жетекшісі Ханс-Экхард Соммердің айтуынша, елдегі мұсылмандар қарасы тынышы қашқан Таяу Шығыстан келгендер есебінен көбейіп отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...