Гендерлік жалақы алшақтығы әлемдік экономикаға 7 триллион доллар шығын әкелуі мүмкін
|
Ерлер мен әйелдер арасындағы гендерлік жалақы айырмашылығын жою жаһандық экономикалық белсенділікті шамамен 7%-ға немесе 7 триллион долларға арттырады, дейді Moody's рейтингілік агенттігінің сарапшылары баяндамасында. Бұл жайында islam.kz порталы Forbes.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. сеп Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы (ЭЫДҰ) елдеріндегі 25 пен 64 жас аралығындағы әйелдердің жалақысы ерлердің табысына тең болған жағдайда алатын жалақысының өсуіне негізделген. Зерттеушілердің пікірінше, аталмыш қайшылықты еңсеруге, дәлірегі, қазіргі қарқынымен әлемде экономикалық гендерлік жалақы алшақтығын жою үшін 132 жыл қажет болуы мүмкін. Гендерлік жалақы алшақтығының негізгі себептерінің арасында «әйелдердің үй шаруасынан қолы тие бермейтіндігі», соның ішінде бала тәрбиелеуден босай алмайтындығы және қызмет бабымен мансабын өсіру туралы талап қоя алмайтындығы айтылған, өйткені, оларға «әйел болғаны үшін» ерлерге қарағанда жоғары талаптар қойылады. Бұдан бөлек, әйелдердің жоғарыдағы себептер (бала күтімі, үй шаруасы, т.б.) бойынша жұмысқа орналасуы мен ерлердің жұмысқа тұруының арасындағы айырмашылықты да Халықаралық еңбек ұйымы келтіріп отыр. Әлем бойынша еңбекке жарамды жастағы әйелдердің 15 пайызы жұмыс істегісі келеді, алайда, жұмыссыз, ал ерлердің арасында бұл көрсеткіш - 10,5 пайыз. Бұл гендерлік алшақтық жиырма жыл бойы (2005-2022) дерлік өзгеріссіз қалды. Жұмыс тапшылығы, әсіресе, дамушы елдерде өте өткір мәселеге айналған, жұмыс таба алмай жүрген әйелдердің үлесі табысы төмен елдерде 24,9 пайызға жеткен. Осы санаттағы ерлер арасында бұл көрсеткіш 16,6 пайызды құрайды. Бұл тараптағы баяндамада жеке және отбасылық міндеттер, соның ішінде ақысы төленбейтін үй тірлігі немесе жақындарына күтім жасау әйелдердің жұмысқа орналасуын ғана емес, сонымен бірге, белсенді түрде іздеуге де мүмкіндік бермейді немесе қысқа мерзімде жұмысқа кірісуге дайын болуына кедергі келтіруі мүмкін. Жұмыссыз деп саналу үшін сіз осы өлшемдерге сай болуыңыз керек, міне, осындай себептермен әйелдер жұмыссыздар тізіміне енбей қалады. Күллі әлемде ер адамдар тапқан еңбек табысының әрбір долларына шаққанда әйелдер небәрі 51 цент алады екен.