|
Ғалымдар әлемде неше түп ағаш барын санап шықты
|
Әлемде 3,04 трлн ағаш бар екен. Оны жуырда ағаштарды санап шыққан ғалымдар мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz.
Gazeta.ru басылымының хабарлауынша, әлем ғалымдары ормандардың әлемдік картасын жасау үшін зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесін Nature журналында жариялаған.
Олар орман массивтерінің тығыздығын зерттеп қана қоймай, әлемде қанша түп ағаш барын да санап шығыпты. Сонымен, жер шарында 3,04 трлн түп тал бар екен.
Сонымен қатар, ғалымдар ағаштардың жыл сайын 15 миллиардқа артып, оның 10 миллиарды жойылып отыратынын да дәлелдеген. Жалпы, адам баласы тіршілік ете бастаған дәуірден бері жер бетіндегі ормандардың 46 пайызы жойылған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Адамның өзі жек көретін адамнан да қартаятыны анықталды
■
Тәбетті басып, арықтауға көмектесетін молекула табылды
■
Иран «Үрміз пактісі» құжатын әзірлеуге кірісті
■
Таяу Шығыста террористік ұйым деп танылған қозғалысқа Белгияда басқаша баға берілді