|
Гаитиде алғашқы мешіт ашылды
|
Гаитиде қасиетті Рамазан айында тұңғыш рет мұнаралы мешіт ашылды. Ғибадатхана Кариб бассейні аймағындағы бес мыңға тарта мұсылман қауымына қызмет етеді. Кап-Аитьен атауын алған мешіт Гаитидегі төртінші ірі ғимарат саналады. Оны тұрғызуға үш жыл уақыт кеткен. Құлшылықтан бөлек бұл кешенде мұсылман балаларына арналған мектеп те бар. Айта кету керек, елге мешіт салу қажеттілігі 2010 жылғы зілзаладан кейін туындады. Жер сілкінісі 300 мың адамның өмірін қиды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жасанды зерде құрастырған роботтың «сұмдығы» неде (видео)
■
Инсулинді ине арқылы қабылдау машақатынан құтқаратын бірегей әдіс пайда болды
■
Төңкеріс: барлық бағытқа қозғалуға мүмкіндік беретін жүйе дронға ерекше маневр жасауға көмектеседі (видео)
■
Араб елінде қалаға қарағанда ауылдық жерлерде кемтарлар көп...
■
Әуесқой инженер үйдей үлкен қол жасап, оны арнайы қолғаппен басқарады (видео)