|
Саудияда қандай киім үлгілері үшін тұтқындайды?
|
Cауд Арабиясында жергілікті сал-дәстүр мен шариғат талаптарына қайшы киім киген жастарға қарсы рейд өтті. Нәтижесінде полиция әдепсіз деп таныған киіммін қоғамдық Мекке қаласындағы орындарда жүрген 50 ер адамды тұтқындады. Бұл жайында «IslamNews» порталы «Khaleej Times» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.Тұтқындалғандардың арасында өрескел шаш үлгісін қойғандары да, жыртық джинсы кигендер де, тар, шолық киім кигендер де, сондай-ақ, майкамен, сүйретпемен жүргендер де, алқа мен білезік тағып алғандар да бар. Оларға айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды. Саудиялық «Sabq» мерзімді басылымы хабарлағандай, осындай киім үлгілерін таңдағандарына өкінгендері де болған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді
■
Шотландия астанасында алғашқы мұсылман мектебі ашылады
■
Қан құрамындағы қант деңгейінің көтерілуіне әсер ететін тағы бір фактор анықталды