|
Француз билігі ирактықтардың қаржысын әлі күнге қайтарған жоқ
|
Франция Иракқа осыдан он жыл бұрын тұтқындалған Саддам Хұсейннің қаржысы мен активтерін әлі күнге қайтарған жоқ. Франция ирактықтардың қаржысын қайтармаған әлемдегі жалғыз ел. Біріккен Ұлттар Ұйымының 2003 жылғы қарарына пысқырмаған Франция билігі Саддам Хұсейннің қаражатының заңды иесі болып табылатын Иракқа 20 млн еуроны және түрлі компаниялардың 1 млн-нан аса акциясын қайтарудан бас тартып отыр. Бұл қомақты қаражат осылайша Франция экономикасына қызмет етіп келеді. Ирактықтардың Франциядағы бұл қаражаты қаншалықты табыс әкелгенін де фарнцуздар жағы ашып айтпай отыр. Сарапшылар есептей келе бұл қаражаттың осы уақытқа дейін француздардың қалтасына кем дегенде жүздеген млн еуро пайда түсіргенін алға тартып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді
■
«Төртінші дублер» құпиясы