|
Далай лама дінаралық татулыққа шақырды
|
Шри-Ланка мен Мьянмадағы будда радикалдарының азшылықты құрайтын мұсылмандарға соңғы уақытта жиі қысым көрсетіп, қуғын-сүргінге ұшыратқаны жөнінде бірнеше рет хабарлаған едік. Соңғы 3 жылдың ішінде аталған елдерде будда экстремистерінің қолынан жүздеген мұсылман қаза тапқан болатын. Осыған байланысты Далай лама Шри-Ланка мен Мьянма буддашыларына үндеу тастап, азшылықты құрайтын мұсылмандарға зорлық-зомбылық көрсетпеуге шақырды. Ол өз сөзінде Будданың мейріміділік пен қайырымдылықты өсиет еткенін еске салып өтті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді