Франция Қытайдың шамына тиетін қадам жасады
|
Франция Қытайдағы ұйғырлар мәселесіне өз реакциясын танытты. Дәлірегі, Қытайдағы азшылықты құрайтын, экстремизмді желеу еткен қытайландыру саясатының құрбаны - шыңжандық ұйғырлар басындағы жағдайды геноцид деп бағалайтын қарар қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытаймен арадағы қатынасқа сызат түсіретін аталмыш құжатты Францияның халық ассамблеясы (төменгі парламент палатасы) бірауыздан қабылдады. Осылайша Франция АҚШ, Голландия елдерінің қатарында тұр - Қытай билігін ұйғыр геноциді бойынша айыптап, сынға алды. Қытайдың сыртқы істер минитсрлігі Францияның бұл қадамын Қытайдың ішкі ісіне қол сұғу деп бағалады. Негізінде Қытаймен әлемнің көптеген елі «байқап» сөйлеседі, аталған елмен қырбай болғысы келмейді, өйткені, соңғы жылдары геосаясатта ықпалы артып, экономикасы өркендеген Қытайға қарсы келудің арты жақсылықпен аяқталмайтынын біледі. Ал Франция, сарапшылардың айтуынша, біріншіден, Қытайдан ықпайды, әлемнің өзге ендігінде жатыр, Қытайға кіріптар емес (экономикалық, геосаяси, т.б. аспектілер бойынша); екіншіден, Франция соңғы жылдары елдегі мұсылман мигранттарының көбеюіне (Еуропадағы мұсылман емес елдер арасында мұсылмандар қарасы бойынша көш бастап тұр, ширек ғасырдан кейін бұл елдегі 8,5 млн адамға жетеді, яғниғ халық санына 12,7%-да аспақ) шаққанда байланысты өз мәдениетін сақтап қалу үшін бірқатар қатаң шаралар қабылдап, әлем қауымдастығы тарапынан сынға ұшыраған болатын: осы әрекетін «жуып-шаю» әрі бұрынғы отары болған араб елдеріндегі ықпалы кеміп бара жатқандықтан осындай қадамға барып отыр.