|
Франция еуропалық емес технологиядан бас тартады
|
Франция билігі цифрлы егемендігін нығайту жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Бұл жайында islam.kz порталы numerique.gouv.fr ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. DINUM ұлттық басқармасы «Linux операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін жұмыс станцияларының пайдасына Windows-тан шығатынын» жариялады, деп айтылған ведомствоның баспасөз хабарламасында. DINUM - цифрлы технологиялар жөніндегі ведомствоаралық басқармаға қарайтын француз мемлекетінің негізгі бөлімшесі. Бастамаға Франция кәсіпорындарының бас басқармасы (DGE), ұлттық киберқауіпсіздік агенттігі (ANSSI) және мемлекеттік сатып алу басқармасы (DAE) қосылды. Осынау мақсатқа жету үшін француз Linux операциялық жүйесін қабылдауы мүмкін. Бұл жүйеге көшу процедурасы сыртқы көздерден цифрлы тәуелділікті төмендету бойынша үш «нақты бастапқы қадамның» бірі ретінде сипатталады. Бұл тараптағы жоспар күзде ресми түрде ресімделеді. Сол уақытқа дейін тараптар бастаманы іске асыру үшін қандай жұмыс стансалары, бірлескен жұмыс үшін құралдар, вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтама, АІ шешімдері, деректер базасы, виртуалдандыру және желілік жабдықтар қажет болатынын анықтауы тиіс.