Франция Алжирдегі геноциді үшін кешірім сұраудан бас тартты
Франция Алжирдегі геноциді үшін кешірім сұраудан бас тартты
2 жыл бұрын 1244 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Франция Алжирді бір ғасырға жуық уақыт отарлап, қан-қасап жасап, аяусыз тонап, 1 млн-ға тарта алжирліктің (Алжир халқының үштен бірі) түбіне жетті. Бұл фактіні тарихшылар да, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған да, өзге де беделді сарапшылар айтып жүр. Алайда, Франция билігі тарихта қара таңба болып қалған бұл фактіні жоққа шығарумен келеді. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Францияның қазіргі президенті Эммануэл Макрон да бұрынғы әріптестері секілді француз отарлаушыларының Африка құрлығындағы қанды ізін мойындаудан бас тартты. Есесіне Алжирмен достық қарым-қатынасты сақтау үшін Алжир басшысы Әбдімәжит Теббунды биылдан қалмай Францияға келіп қайтуға шақырды. Алжир жерін Франция атом бомбасын сынайтын полигонға айналдырғаны үшін де әлі күнге өтемақы төлемей келеді. Бұл арада Францияның 1966-1996 жылдар аралығында Алжир аумағында 210 ядролық сынақ өткізгені турасында болып отыр. Кезінде Францияның отары болған елдің 100 мыңнан аса азаматы ядролық сынақтардың зардабын тартып отыр. Онсыз да екі елдің арасындағы күрделі қатынас 2021 жылдың күзінде ушығып кеткен еді. Бұған Франция президентінің Алжирді  француздардың ешуақытта отарламағаны турасындағы мәлімдемесі себеп болды. Осы мәлімдемеге байланысты Алжир Париждегі өзінің елшісін кері шақырып алды әрі француз ұшақтарына әуе жолын жауып тастады. Ресейдің Қазақ даласындағы отарлау кезеңі де осыған ұқсас: ашаршылықтан репрессиядан, ядролық қару сынағынан қырылған қазақ халқынан кешірім сұралған емес.

0 пікір
Мұрағат