Финляндия Ресейге қолдау көрсеткен елдерге көмек беруден бас тартатынын жариялады
Финляндия Ресейге қолдау көрсеткен елдерге көмек беруден бас тартатынын жариялады
1 жыл бұрын 961 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Финляндияның жаңадан жасақталған министрлер кабинеті Украинаға басқыншылық саясат жүргізген Ресей Федерациясының соғыс қимылдарын ақтаған немесе қолдау көрсеткен елдерден теріс айналады. Дәлірегі, Ресейге қолдау көрсетіп отырған Азия және Африка құрлығындағы кедей елдерге осы уақытқа дейін беріп келген көмегін тоқтатады. Бұл жайында islam.kz порталы The Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазірдің өзінде фин билігі ондай елдерге беріп келген материалдық көмегін қысқартып жатыр, бұдан бөлек, Мәскеудің басқыншы саясатына қолдау көрсеткен елдерден келген иммигрантттарға шектеу енгізіп, ел аумағында тұруға және азаматтық алуға қатысты талаптарды қатайтып жатыр. Фин билігі осылайша Украинаға қолдау білдіруде. Финляндияның сауда-саттық және халықаралық даму министрі Уил Табио кедей елдерді сыртқы саясаттан бұрын алдымен өздерінің ішкі мәселесін реттеп алуға шақырды. Осы орайда Финляндиядағы соңғы парламенттік сайлауда Петтери Орпо бастаған оңшыл Коалиция партиясы жеңіске жеткенін, аталмыш партияның басқа  партиялармен, атап айтқанда, Нағыз финдермен, Швед халықтық партиясымен, Христиан-демократтармен бірге коалицияға біріккенін айта кету керек. Бұрынғы премьер-министр Санна Марин отставкаға кетті. Десе бұл үкімет нақты қай елдерге көмекті тоқтататынын және қандай өлшемдер бойынша Ресейге қолдау білдіру саясатын бағалайтынын нақтыламады. Финляндия осы уақытқа дейін Кения, Непал, Танзания, Мозамбик және Эфиопия мемлекеттеріне жәрдем беріп келген еді. Соның ішінде өткен жылдың күз мезгілінде Африка мүйісіндегі елдерге, атап айтқанда, Сомали, Эфиопия, Еритерия, Жибути елдеріне украиналық астықты жеткізуге 15,7 млн еуро бөліп,, яғни, тасымалдау шығынын көтеріп алған еді.

Ұқсас материал:

"Африкалық мемлекет Ресеймен жақындасқаны үшін 32 млрд доллардан аса табыстан айырылуы мүмкін" (https://islam.kz/kk/news/alem/afrikalyq-memleket-reseimen-jaqyndasqany-ushin-32-mlrd-dollardan-asa-tabystan-aiyryluy-mumkin-18737/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат