Финляндия фермасындағы сұмдық (фото)
Финляндия фермасындағы сұмдық (фото)
4 жыл бұрын 14081 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Филяндиядағы жануарларды қорғау ұйымы пайда үшін қамаудағы итті шектен тыс семірту фактісін анықтады. Дәлірегі, суықта байларды жылытып қоймай, сонымен қатар, сәнін кіргізетін жағалы киімдер өндірісі үшін ұлпа жүнді жануарларды асырауға, терісін іреуге, сатуға, тасымалдауға,  т.б. әрекеттерге әлемнің әр түкпірінде қоғамның талабы мен табандылығының арқасында жаппай тыйым салынып жатқандықтан кейбір фермерлер адамның ойына келуі екіталай түрлі қулыққа көшіп жатыр. Адамнан айла артылған ба, терісі үшін көптеп өсірсе, көзге түсіп қалады. Екінші жағынан көп шығынданбай әрі қоғамның назарын аудармай-ақ, пайда табуға болатынын финдік фермерлер дәлелдеп бергендей еді. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, Oikeutta Eläimille жануарларды қорғау ұйымының өкілдері итті бордақылаудағы ниетін әшкере етпек болып жанталасып жатыр. Өйтені, шектен тыс семіріп кеткен ит қимылдаудан қалған әрі әрең тыныс алады, май басқан қабағы көзін жауып кеткен. Артық салмақтың азабын тартқан жануарды құтқару үшіг жұмылуда. Итті семірту арқылы көлемін ұлғайтып, бір иттен, екі иттің терісін алуға болады. Дәлірегі, жергілікті фермер мутантқа ұшыраған ақ, полярлы түлкі итінің бір түрін қамап ұстау талабын өрескел бұзған. Әдетте көгілдір иттің еркегінің салмағы жаратылысына сай ары кеткенде 8 келіден, ал ұрғашысының салмағы 6 келіден аспауы тиіс. Мына қамаудағы иттің салмағы қалыпты салмағынан екі есе асып кеткен.Бойының биіктігі 55-65 сантиметрге жететін ит үшін мұндай салмақ адам айтқысыз азап шектіреді. Бұл жайында mnogo-krolikov.ru ақпарат көзі мәлім етті.

Ужасы разведения песцов на зверофермах Финляндии

Ужасы разведения песцов на зверофермах Финляндии

0 пікір
Мұрағат