Фастфуд асқазанға ғана емес, миға да зиян
Фастфуд асқазанға ғана емес, миға да зиян
10 жыл бұрын 4769

Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша,фастфудтың, яғни, жүре жейтін жеңіл тағамдардың шындығына келгенде жеңіл емес екенін бүгінде елдің барлығы біледі. Бүкіл Батыс елдерінің басауруына айналған семіздік дертінің туындауына да осы гамбургерлер мен чизбургерлер және газды сусындар кінәлі. Ал, фастфудтың адам миына, яғни, ойлау және есте сақтау қабілеттеріне кері әсерін тигізетінін көпшілік біле бермейді.

Австриялық ғалымдардың айтуынша, фастфуд өнімдерін күніге пайдаланған адамның ми тамыры зақымданады екен. Мамандар бұл зерттеуді алдымен жануарларға тәжірибе жасау үшін жүргізіп көрген. Тағамдағы майлылық пен қанттың көп мөлшері мидың жұмысын баяулатып, есте сақтау қабілетін бір аптада нашарлатып жіберген көрінеді.

Профессор Маргарет Морристің айтуынша, Зиянды тағамдарды көп жеудің салдарынан ми тамырлары айтарлықтай зақымданып, кейін оны қайта қалпына келтіру мүмкін болмай қалады екен. Мұнан кейін қанша жерден диета ұстап, тек қана пайдалы аспен тамақтанған күннің өзінде миыңыз бұрынғы қалпынша жұмыс істеуден қалады дейді ғалым.

Сондықтан, қалың көпшілікке көшеде даярланатын тағамдарды өте абайлап жеген дұрыс. Қазақта «Ауру - астан...» деген сөзі бекер айтылмаған. Денсаулығымызды сақтай білейік! 

0 пікір
Мұрағат