Еврейлермен кездескен Саудия тақ мұрагері палестиналықтарды жауына жығып берді
Еврейлермен кездескен Саудия тақ мұрагері палестиналықтарды жауына жығып берді
7 жыл бұрын 5736 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Саудияның тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман наурыз айының 27-і күні Нью-Йорк мегаполисінде еврей ұйымдары жетекшілерімен кездесуі кезінде палестиналықтарға шүйлігіп, оларды Израилмен бейбіт келісімге келу мүмкіндіктерінен бас тартқаны үшін айыптады. Бұл жайында америкалық Axios ақпарат көзі хабар таратты. «Соңғы он жылда Палестина билігі өздеріне берілген бірқатар мүмкіндікті уысынан жіберіп алды әрі барлық бейбіт келісімге келу турасындағы ұсыныстардан бас тартты. Палестиналықтарға ұсынысты қабылдап, келіссөз үстеліне отыратын немесе үнін өшіріп, шағым айтуын доғаратын кез келді»,- деп мәлімдеді ол. Осылай деген ол Саудияны палестиналықтардың мәселесі емес, Иранмен текетірес көбірек толғандыратынын жеткізді. Естеріңізге сала кетсек, осыдан біршама уақыт бұрын, дәлірегі, наурыз айының соңына таман Саудия тақ мұрагерінің исі мұсылманды өзіне қарсы қоятын мәлімдеме жасағанын, дәлірегі, еврейлердің де атажұртына қақысы барын мәлімдегенін хабарлаған болатынбыз.

0 пікір
Мұрағат