Еврей "сәлафшыларының" қоғаммен біте қайнаспай, өздерін сырт ұстауына не себеп
Еврей "сәлафшыларының" қоғаммен біте қайнаспай, өздерін сырт ұстауына не себеп
5 жыл бұрын 2347 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Естеріңізде болса, еврей ортодоксалдары туралы шетжағалап жазған едік кезінде: "Ортодоксалдардың артықшылығы жойылады" (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/ortodoksaldardyn-artyqshylygy-joiylady-foto-11056/#gsc.tab=0), "Израилдің мойнына мінген масыл топтан аталған елдің шығыны жүздеген млрд долларға жетпек" (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/alem/izraildin-moinyna-mingen-masyl-toptan-atalgan-eldin-shygyny-juzdegen-mlrd-dollarga-jetpek-12095/#gsc.tab=0). 

"Десе де Үндістандағы жоғары каста секілді әлеуметтік жағынан қорғалған әрі бірқатар құқықтық артықшылыққа ие ортадоксалды еврейлер үшін Израил халқының қалтасынан төленетін салықтан 2030 жылға қарай бөлінетін шығын 11 млрд долларға жетеді екен. 2065 жылға қарай ортадоксалдардың жұмыс істемеуінен аталған мемлекетке келетін шығын 112 млрд доллардан асып түседі. Бұл жайында еврейлердің Calcalist бизнес басылымы Израилдің қаржы министрлігіне сілтеме жасай отырып, хабарлады. Сөз орайы келгенде айта кету керек, 22 жасқа дейін ортадоксалды еврейлердің жұмыс істеуіне тыйым салынған. Тек 22-24 жас аралығында ғана оларға ішінара жұмыс істеуіне рұқсат етілген". 

Бұл бағытта арнайы зерттеу жүргізген Израил бас банкі мынадай тұжырымға келіпті: ультраортодоксалдардың жеткілікті орта білім алмауынан аталған елдің экономикасына кері әсерін тигізбек. Бұл жайында Ynet ақпарат агенттігі хабар таратты. Израилдің еңбек жүйесіне етене араласып, қоғаммен бірге біте қайнасуына дәл осы толыққанды орта білім алмауы кедергі келтіріп отырған көрінеді. Яғни, әу баста ортодоксалдарға берілген құқықтық әрі әлеуметтік артықшылық олардың қоғамнан оқшауланып, масыл топқа айналуына түрткі болған. Тіпті, аттестат алу үшін де жалпыға білім беру стандартында қарастырылған пәндерді оқымайтын ортодоксалдар бұл арада бірыңғайда сәлафшыларға ұқсатуға болады. Уақыт тынысын сезінбей, қоғам талабымен санаспай, тар аяда қалып қойған.

 

0 пікір
Мұрағат