Еурропалық одақ ИРСК-ті террористік ұйым тізіміне енгізуді көздеп отыр
Еурропалық одақ ИРСК-ті террористік ұйым тізіміне енгізуді көздеп отыр
2 жыл бұрын 1144 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Еуропалық одақ құрамындағы елдер Иранның саяси-әскери құзыретке ие элиталық Ислам революциясының сақшылар корпусын террористік ұйымдар қатарына жатқызуды көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай  бастаманы Германия тарапы көтерген екен. Бұдан бөлек, Иран билігін халық толқуын аяусыз басып-жаншу үшін репрессиялық шараларға жүгінгенін қатаң айыптап, қосымша санкция пакетін салуды талқылады. Әсіресе, наразылық шеруін басуға қатысы бар лауазымды тұлғалар мен күштік құрылымдар батыстың санкциясына ұшырайды. Осы орайда АҚШ пен Ұлыбритания Ислам революциясының сақшылар корпусын террористік ұйымдар тізіміне енгізгенін айта кету керек. Бұл жолы ЕО елдері осындай шешім қабылдамақ. Ал Иранның ресми билігі батыс елдерінің бұл қадамын елдегі әлеуметтік наразылықты әдейі отқа май құйғандай күшейту үшін жасап отыр деп есептейді.

Ұқсас материал:

«Ұлыбритания Ислам революциясы сақшылар корпусын террористер қатарына жатқызуды жоспарлап отыр» (https://islam.kz/kk/news/alem/ulybritaniya-islam-revolyutsiyasy-saqshylar-korpusyn-terrorister-qataryna-jatqyzudy-josparlap-otyr-17962/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат