Еуропалық елде Құранды көпшіліктің көзінше өртеу акциясына тыйым салуды ұсынып жатыр
Еуропалық елде Құранды көпшіліктің көзінше өртеу акциясына тыйым салуды ұсынып жатыр
2 жыл бұрын 1823 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Исламофобиялық акті ретінде бағаланатын қасиетті Құранды өртеу акциясына ресми түрде тыйым салуды ұсынды. Жаңа құрылған шведтердің «Нюанс» партиясы. Бұл жайында islam.kz порталы Sydsvenskan ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш партия таяуда тиісті орындарда тіркеуден өткен әрі осы жылдың қыркүйек айында елдегі саяси додаға, дәлірегі, парламент сайлауына қатысады. Бұл партия сөз бостандығын желеу ететін түрлі шектен шығушылықпен күресті алдына мақсаты мен міндеті етіп белгіледі. Соның ішінде мұсылмандар мен мигранттарға наразы топтар мен жекелеген тұлғалардың қасиетті Құранды өртеп, өз наразылығын білдірудің құралына айналдыруына қарсы. Қасиетті Құранды өртеу акциясы жергілікті мұсылмандар мен мұндай жат әрі жабайы әдетке төзбейтін азаматтардың наразылығын тудырып отыр. Салдарынан жаппай тәртіпсіздік орын алып, қақтығысқа дейін ұласып жатады. Қасиетті Құранды жария түрде өртеу акциясын Терри Джонс есімді 58 жастағы пастор 2010 жылы бастаған болатын. Содан бері исламофобтардың мұсылмандарға наразылық шараларының бір бөлігіне айналып кетті.

0 пікір
Мұрағат