Еуропалық елде «дағдарыс жарнасын» енгізуі мүмкін
Еуропалық елде «дағдарыс жарнасын» енгізуі мүмкін
1 жыл бұрын 933 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Германияның қазіргі канцлері Олаф Шольц мүше социал-дмемократиялық партиясы дәулеті шалқыған аса байларға салық салуды ұйғаратын жобаны, дәлірегі, «дағдарыс жарнасын» енгізуді ұсынды. Бұл жоба - уақытша шара. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде RND ақпарат көзіне жөн сілтеген Lenta.ru сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай бастама экономикалық саясат жөніндегі ұсыныстар тізіміне енгізілді. Бұл ұсыныс жыл аяғына дейін қаралуы мүмкін. Оның көмегімен инвестицияны көтермелеуге арналған үкіметтік қор құруды жоспарлап отыр. Аталмыш партия өкілдері салық салу саласына өзгерістер енгізуді қалайды, дәлірегі, реформа жүргізуді құп көреді. Мәселен, бағалы сыйлықтарға және мұрагерлікке қатысты салық саясатын қайта қарастыру керек, деп есептейді. Бұл салық саясаты өз кезегінде ел тұрғындарының салық ауыртпалығын жеңілдетуге бағытталуы тиіс. Неміс билігі жылына 100 млрд еуро мөлшерінде жекеменшік сектордан инвестиция тартуды көздеп отыр. Осылайша 2030 жылға дейін бір млн жаңа жұмыс орнын ашуды алдыға мақсат етіп қоймақ.

0 пікір
Мұрағат