Еуропалық ел құл саудасы үшін кешірім сұрап, қыруар қаржы бөлмек
Еуропалық ел құл саудасы үшін кешірім сұрап, қыруар қаржы бөлмек
2 жыл бұрын 1303 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Sina Schuldt / dpa / Global Look Press

Нидерландының министрлер кабинеті бұрынғы құл саудасы үшін құл болғандардың ұрпақтарынан, әлем қауымдастығынан кешірім сұрайды. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg імкерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осы мақсатта аталған ел билігі 200 млн еуро қаржы бөледі. Қаражат Еуропа елдерінің құлдыққа байланысты өткені туралы хабардар ету саласындағы жобаларды жүзеге асыратын Еуроқорға бағытталады. Тағы 27 миллион еуро құлдыққа арналған мұражай құру жобасына бөлінеді. Бұдан бөлек, Орталық банк төрағасы Клаас Нот құлдардың ұрпақтарынан кешірім сұрап, бес миллион еуро тұратын жобаларды қаржыландыру үшін қор құрды, олар алдағы 10 жылда Нидерландыда, Кариб бассейнінде және Суринамда жүзеге асырылады. Соңғы санақ жүргізілген 2016 жылдан бері әлемде құлдықта жүргендер саны 9,3 миллион адамға артты. Қазіргі әлемде құлдық терминін мәжбүрлі еңбек, соның ішінде қара жұмысқа жегу деп түсінеді. Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) есебі бойынша кем дегенде 27,6 миллион адам жұмыс істейді, оның 3,3 миллионы балалар.

Ұқсас материалдар:

«Замануи құлдар» статистикасы жарияланды» (https://islam.kz/kk/news/alem/zamanui-quldar-statistikasy-jariyalandy-17374/#gsc.tab=0);

«Әлемде әрбір 10-шы бала адам адам төзуі қиын жұмысқа жегілген» (https://islam.kz/kk/news/alem/alemde-arbir-10-shy-bala-adam-adam-tozui-qiyn-jumysqa-jegilgen-15984/#gsc.tab=0);

«Құл балалар дерегі» (https://islam.kz/kk/news/alem/qul-balalar-deregi-12245/#gsc.tab=0);

«Әлі күнге құл иеленушілер мен құлдар елі барын білесіз бе» (https://islam.kz/kk/news/alem/ali-kunge-qul-ielenushiler-men-quldar-eli-baryn-bilesiz-be-foto-11476/#gsc.tab=0);

«Адам саудасымен көш бастаған елдер» (https://islam.kz/kk/news/alem/adam-saudasymen-kosh-bastagan-elder-10454/#gsc.tab=0);

Адам саудасы қатты өршіген ел (https://islam.kz/kk/news/alem/adam-saudasy-qatty-orshigen-el-otken-jyldyn-malimeti-boiynsha-11373/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат