|
Еуропадағы шіркеуде ауызашар берілді (видео)
|
Жексенбі күні ақшамда Белгияның Моленбек қаласында орын тепкен Сен-Жан-Батист тарихи шіркеуінде 500 адамға ауызашар берілді. Бұл жайында islam.kz порталы newswav.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл игілікті шара аталмыш ауданның 2030 жылы Еуропаның мәдени астанасы атағына берілген өтініштің аясында жүргізілді. Осылайша Моленбектің мәдени әралуандылығын танытатын шара өткізілді. Бұл күн бекерге таңдалған жоқ: 2016 жылдың наурыз айының 22-і күні Брюсселде орын алған жарылыстың болғанына он жыл өткен. Stronger with Words ұйымының директоры Жасмин дел Монте осы ауызашарды шіркеуде өткізу арқылы 140 ұлт тұратын Моленбектің ұлтаралық татулыңын паш еткендерін жариялады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Paidax Қазақстандағы алғашқы исламдық долларлық жинақ шотын іске қосты
■
Елге кіргізілетін діни маңызы бар заттар үшін қосымша құн салығын алып тастауы мүмкін
■
Ауа температурасы Целсия бойынша 38 градустан асқанда жұмысты бірден тоқтату туралы шешім қабылдануы мүмкін
■
Азиялық шағын мемлекет демографиялық дивиденд алу үшін аз жылда 6,5 млн жұмыс орнын ашуы тиіс