Еуропадағы нәсілшілдіктің кең тараған түрі...
|
Саясатты, экономиканы және қоғамды зерттеу қоры дайындаған «Еуропалық елдердегі исламофобия туралы баяндамада» келтірілген дерекке қарағанда, исламофобия соңғы уақытта кәрі құрлықта кеңінен тарап, етек алған нәсілшілдіктің асқанған түріне айналып отыр. Аталмыш қор Еуропаның 33 елінде осы бағытта зерттеу жүргізіп көрген екен. Нәтижесі еуропалық зерттеушілердің жаға ұстатқан. Баяндамада айтылғандай, кәрі құрлықтағы мұсылмандарға қарсы күш қолдану, тіл тигізу, басқалай жолдармен кемсіту, т.б. ашрессиялық қарым-қатынас ескерілген. Исламофобтар негізінен шариғат шәлісін жамылған әйелдерге, мұсылмандардың құлшылық үйлеріне, ислами орталықтарға, т.б. жиі шабуыл жасайтын болған. Сондай-ақ, Еуропадағы мемлекеттік және қоғамдық мекемелерде де исламофобияның өршіп тұрғаны белгілі болды: негізгі құқықтарды қорғау жөніндегі еуропалық агенттік мәліметі бойынша кәрі құрлықтағы мұсылмандардың 31 пайызы жұмысқа тұруда кемсітушілікке ұшыраған. Тек олардың 12%-ы ғана өздерінің шетқақпай болғанын тиісті орындарға білдірген.