Еуропадағы мұсылман туристерге ең жайлы ел аталды
Еуропадағы мұсылман туристерге ең жайлы ел аталды
3 жыл бұрын 1945 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Halal in Travel Awards 2022 ғаламдық саммиті «мұсылмандарға достық пейілдегі дамушы бағытты» атады. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Халал туризм саласындағы сыйлыққа Испания ие болды. Кәрі құрлықтағы мұндай мәртебені аталған ел мұсылман саяхатшыларына шариғат талаптарына сай көрсетілетін қызмет түрлері мен өнімдері үшін ғана емес, сонымен қатар, исламофобиялық теріс құбылыстың салыстырмалы түрде төмен болғандығы үшін де иеленді. Атаулы сыйлық Испанияның Сингапурдағы Елшісі Сантияго Мираллеске және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы, Жаңа Зеландиядағы және Австралиядағы Испанияның туризм жөніндегі кеңесінің директоры Моника Санческе табыс етілді. Елші өз сөзінде мемлекеттік және жекеменшік сектор арасындағы тығыз ынтымақтастықтың арқасында Испаниядағы мұсылмандарға көрсетілетін қызметтердің саны артып келе жатқанын баса айтты. Сондай-ақ, ол Еуропа еліндегі көптеген қонақүйлер, мейрамханалар мен мекемелердің мұсылман туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бейімделгенін айтты. Кейбір өнімдер мен қызметтердің шариғат талаптарына сәйкестігіне кепілдік беретін Халал институтының халал сертификатына ие болғанын жеткізді. Бұдан бөлек, Испания өзге еуропалық елдерге қарағанда ислам мәдениетінің мұрасына бай ел, аталған ел аумағында мешіттер қарасы да көп. Мұсылман саяхатшылардың көпшілігі қасиетті Рамазан айында Кордоба мен Гранада сияқты қалаларды таңдайды. Сонымен бірге, қасиетті айда Каса Арабе, Кордова қалалық кеңесі, сондай-ақ, Халал институты сияқты кейбір мекемелер Кордовада Noches de Ramadan («Рамазан түндері») сияқты мәдени әрі танымдық іс-шараларды ұйымдастырады.

Ұқсас материал:

"2015 жылдан бері "ең үздік халал туризімінің бағыты" мәртебесін сақтап келе жатқан ел" (https://islam.kz/kk/news/alem/2015-jyldan-beri-en-uzdik-halal-turiziminin-bagyty-martebesin-saqtap-kele-jatqan-el-16895/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат