|
Еуропада өткен жылы қанша мигрант босқын мәртебесін алды?
|
Өткен жылы 700 мыңнан астам тұрғылықты мекен іздеуші Еуропалық одақтан араша тапты. Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда екі есеге аз. Бұл жайында «Евростат» еуропалық статистикалық бюросы мәлім етті. 2016 жылы ЕО араша тапқандар саны 710,4 мың адамды құрады. Оның 57 пайызы (405,6 мың адам) сириялықтар, одан кейін ирактықтар (65,8 мың) және ауғандықтар (61,8 мың) саны басым болып шықты. Германия 445 мың босқынды қабылдады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 3 есеге көп. Екінші орында Швеция (69,4 мың), одан кейінгі орындарда Италия (35,5 мың), Франция (35,2 мың) және Австрия (31,8 мың) тұр. Балқан және Оңтүстік Азия мигранттарын кері қайтарған Еуропалық одақ сириялықтардың 98 пайызына баспана берген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тек микроскоппен көрінетін бактериядан да кіші QR-код жасалды
■
Ораза уақыты: Ел өңірлері арасындағы уақыт айырмашылығы қандай
■
Обырға қарсы киллер жасушалардан арнайы жасақ пайда болады
■
Қытайлар 3D принтерде басып шығару жылдамдығы бойынша рекорд орнатты
■
Адамзатқа қатерлі қауіптердің қатарына тағы екі фактор қосылды