Еуропада мыңдаған тонна кофе мен какаоға жойылу қатері төніп тұр
Еуропада мыңдаған тонна кофе мен какаоға жойылу қатері төніп тұр
1 жыл бұрын 805 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Oswaldo Rivas / Reuters

Еуроодақ елдерінің қоймаларында сақтаулы тұрған мыңдаған тонна какао мен кофе 2023 жылдың маусым айында қолданысқа енген заңға байланысты жойылу қатері төніп тұр. Аталмыш заң талаптары бойынша орманды отау әрі балалар еңбегін пайдалану немесе қанау есебінен өндірілген тауарларды импорттауға (елге әкелуге) тыйым салынған. Бұл жайында islam.kz порталы Financial Times қаржылық ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қазіргі уақытта ЕО қоймаларында 200 мың тоннадай какао мен 150 мың тонна кофе сақтаулы тұр. Оның қожайындары өтпелі кезеңде – 2024 жылдың желтоқсан айына дейін түгел сатып үлгеруі керек. Бұл жөнінде халықаралық сауад-саттық орталығының атқарушы директоры Памела Коук-Хемилтон мәлімдеді. Аталмыш тыйым какао мен кофе алқабы үшін орман-тоғайды отаған және балалар еңбегі пайдаланылған елдерден тасымалданған тауарларға қатысты. Соның ішінде какаоның әлемдік нарығының 70 пайыз үлесіне ие Гана мен Кот-д'Ивуар өндірушілеріне қарсы қолданылады. Сонымен қатар, Бразилия, Вьетнам, Колумбия және Индонезия компаниялары да аталған заңнан айналып өте алмайды - бұл елдер кофе дәндерін өндіруде жетекші рөл атқарады.

0 пікір
Мұрағат