Еуропада мал шаруашылығынан бөлінген көмірқышқыл газы автокөліктен бөлінетін парникті газ мөлшерінен асып кеткен
Еуропада мал шаруашылығынан бөлінген көмірқышқыл газы автокөліктен бөлінетін парникті газ мөлшерінен асып кеткен
4 жыл бұрын 3377 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

«Гринпис» деп аталатын тәуелсіз, үкіметтік емес халықаралық экологиялық ұйым белсенділерінің есеп-қисабына қарағанда, Еуропалық одақ аумағындағы мал шаруашылығымен айналысатын фермалар бөлетін парникті газдың мөлшері ЕО аймағындағы барлық зиянды газдың 17 %-ын құрап отыр. Яғни, ЕО-дағы барлық автокөлікке қарағанда қоршаған ортаға көп залал келтіріп отыр. Бұл жайында RTBF ақпарат көзі мәлім етті. Соңғы деректер бойынша 10 жыл ішіндегі мал шаруашылығынан бөлінген зиянды қалдықтар6 %-ға артқан, яғни, 39 млн тоннаға жеткен. Кәрі құрлықтағы мал шаруашылығы фермалары жылына 502 млн тонна СО2 бөледі. Бұдан бөлек, орман-тоғайдың оталуы мен орманнан аршылған жерлерді алқапқа айналдырудан жыл сайын СО2 мөлшері 704 млн тоннаға дейін жетіп отыр. Осыған байланысты ЕО климат туралы заңнаманы жаңғыртып, жетілдіруді көздеп отыр. Онда алдағы 7 жылға ауыл шаруашылығы саясатына өзгерістер енгізіледі. «Гринпис» белсенділерінің келтірген мәліметіне қарағанда мал шаруашылығы фермаларындағы мал басын 50 %-ға кемітер болса, көмір қышқыл газының атмосфераға бөлінуін 250 млн тоннаға дейін азайтуға септігін тигізбек. Кейінге шейін үй жануарларының климатқа әсері еткілікті зерттелмей келген еді.

0 пікір
Мұрағат