Еуропа стратегиялық «Чип заңын» қабылдады
Еуропа стратегиялық «Чип заңын» қабылдады
1 жыл бұрын 623 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Еруоодақ кеңесі жартылай өткізгіштер саласында шетелдік алпауыттарға тәуелділікті азайтуға бағытталған, «чип заңы» деген атпен белгілі ережені қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта ЕО 2030 жылға дейін жартылай өткізгіштердің жаһандық нарығындағы үлесін екі есеге ұлғайтып, кем дегенде 20 пайызға жеткізуге күш салмақ. Осы мақсатта мемлекеттік және жекеменшік сектордан 43 млрд еуро инвестиция тартуды көздеп отыр. Оның 3,3 млрд-ы ЕО бюджетінен бөлінеді. Аталмыш ереже таяу болашақта ЕО-ның чип өндірісіне қатысты өнеркәсіптік базасын нығайтып, технологиялық егемендігін қамтамасыз етпек. Бұл арада, сарапшылар пікірінше, ЕО ең алдымен чип өндірісіне аса қажетті, табиғатта сирек кездесетін металдар өндірісінің толық кезеңіне ие Қытай тарапынан төнуі ықтимал қатердің алдын алу үшін осындай қадамға барып отыр.

0 пікір
Мұрағат