|
Аптап ыстық тұтас бір саланы ойсыратып кетуі мүмкін
|
Кәрі құрлықтың оңтүстігін жайлаған елдердегі аптап ыстық Еуропаның туризм саласына едәуір шығын келтіреді. Еуропаның туристік индустриясы өткен жылы 2,1 трлн доллар табыс тапқан. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Егер жаһандық жылыну қарқыны 2050 жылға дейін сақталса, онда Еуропаның туристік бағыты күрт өзгеруі мүмкін. Мәселен, Жерорта теңізіндегі орташа температура жоғарыласа, Мадрид мегаполисінің климаты Африка құрлығының солтүстігіндегі Марракеш қаласының бүгінгі климатымен бірдей болмақ. Ал Лондон қаласы Барселонаның, ал Стокгольм қаласы Будапешттің климатына ауысады. Осылайша Еуропаның туристік индустриясында «тектоникалық ығысу» орын алады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды