|
Еуропа елінде жасанды зерде министр болып тағайындалды
|
Албания әлемде жасанды зердені үкімет құрамына енгізген, дәлірегі, мемлекеттік министр қызметіне тағайындаған алғаш ел ретінде тарихта қалатын болды. Бұл жайында islam.kz порталы Gazeta Tema мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Хабарламада айтылғандай, аталған ел премьері Эди Рама жаңа министрлер кабинетін жасақтау кезінде осындай ерекше бастама көтерген. Diella деп аталатын жасанды зерде мемлекеттік саты палу істерімен айналысады. Арнайы бөлімше жасанды зерде министрге қолдау әрі көмек көрсетеді. Албания билігі алдағы уақытта үкіметтің барлық құрылымына АІ технологиясын енгізу арқылы тендерді ашық әрі қоғамға қолайлы етуді көздеп отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Циркадты ырғақты басқаруға көмектесетін тетік табылды
■
Түнгі үрейлі түстер қауіпті аурудың белгісі болуы мүмкін
■
Мәңгі химикаттарды жоюдың жолы табылды
■
Оңтүстіктен 1 млрд тонна мұнай мен газ қоры табылды. Миллиондаған тонна пайдалы қазба бар 29 кен орны табылды
■
Астанадан Талдықорғанға жаңа пойыз қатынайды