Еуропа елінде бет-жүзді тұмшалауға салынған тыйым күшіне енеді
Еуропа елінде бет-жүзді тұмшалауға салынған тыйым күшіне енеді
1 ай бұрын 583 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

2025 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап Швейцарияда бет-жүзді жасыруға қатысты салынған тыйым күшіне енеді. Бұл жайында islam.kz порталы TRT World ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң 2021 жылы референдумда қоғам тарапынан қолдау тапқанымен мұсылман құқық қорғау ұйымдары қатаң сынға алды. 2025 жылдан бастап қоғамдық орында бет-әлпетін жасырғаны үшін 1000 швейцар кроны (1144 доллар) мөлшерінде айыппұл салынады. Десе де бұл тыйым дипломатиялық миссия аумағында, ұшақта және құлшылық орындарында қолданыламайды. Сонымен қатар, жеке басының қауіпсіздігі үшін, төтенше ауа райындағы қолайсыздықтан құтылу үшін, инфекциялық аурулардың таралуына тосқауыл қою үшін бетті тұмшалауға немесе көлегейлеуге рұқсат етіледі. Бұдан бөлек, аталған ел аумағында тұратын қандай да бір ұлттың немесе ұлыстың өкіліне тән дәстүрлі киімі ретінде бетті жасыруға рұқсат беріледі. Әртістер мен аниматорларға да ереже қолданылмайды. Бұған қоса, ұйымдастырушылар қоғам қауіпсіздігіне қатер төндірмейті деп есептесе, қандай да бір шара кезінде бет-жүзді тұмшалауға рұқсат беріледі.

0 пікір
Мұрағат