Еуроодақ Израилмен арадағы ынтымақтастығын тоқтатады
Еуроодақ Израилмен арадағы ынтымақтастығын тоқтатады
2 жыл бұрын 1311 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Израилдік Haaretz мерзімді басылымы Еуропалық Одақтың жаңадан жасақталған үкіметтің саясатына алаңдаушылық білдіріп, Израил полициясымен ынтымақтастықты тоқтатқанын хабарлады. Бұл жайында islam.kz порталы golosislama.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Өткен жылдың қыркүйек айында екі тарап қылмыс пен лаңкестіктің алдын алу үшін Израил мен ЕО-ға мүше елдер арасында ақпарат алмасуды оңтайландыру туралы келісім жобасына қол қойды, алайда, аталмыш құжатты Еуропарламент мақұлдауы қажет. Еуропалық Одақ Израилдің ұйымдағы елшісіне Израил полициясы мен Еуропол агенттігі арасындағы барлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасын еврейлердің күштік құрылымдарының Иордан өзенінің батыс жағалауындағы палестиналықтарға қарсы заңсыз әрекетіне байланысты ілгерілетуді жалғастырмайтынын хабарлады. Осы орайда ЕО Иордан өзенінің батыс жағалауын басып алынған аймақ деп танитынын әрі аталған өңірде келімсектердің қоныстануына қарсы екенін айта кету керек. Дегенмен, бұл бағыттағы келісімге Израилдің Еуропадан алған кез келген ақпаратты 1967 жылы басып алған аумақтарында пайдалануға тыйым салатын тармақ енгізілуі мүмкін екені айтылған. «Ликуд» партиясының жетекшісі Биниамин Нетаниаху жасақтамақ Израил министрлер кабинетінің құрамына коалициялық келісімдерге сәйкес қауіпсіздік күштеріндегі маңызды лауазымдарға, соның ішінде Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Израилдің басқыншылық саясатын жақтайтын әсіреоңшыл мүшелер кірген. Израил билігінің бұл қадамы тек палестиналықтардың ғана емес, сонымен қатар, халықаралық ұйымдардың алаңдаушылығын тудырып отыр.

0 пікір
Мұрағат