Ерлерді кемсіткені үшін айыппұл салынды
Ерлерді кемсіткені үшін айыппұл салынды
4 жыл бұрын 2327 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Париж қаласының мэриясына (біздіңше – әкімдігіне) ерлерге қатысты гендерлік дискрминацияға жол бергені үшін 90 мың еуроа айыппұл салынды. Бұл жайында islam.kz порталы әлемге әйгілі еуропалық Euronews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ақпарат көзінің жазуынша, француздар астанасының әкімшілігінде әйелдер қарасы тым көп болып шыққан. 2013 жылы аталған елде билік құрылымдарында жынысқа тағайындау шегі 60%-дан аспауы керек деген талап қарастырылған заң қолданысқа енген болатын. Яғни, ерлердің немесе әйелдердің үлесі қандай да бір билік органында 60 пайыздан аспауы тиіс. 2018 жылы Париж мэриясының лауазымды қызметіне 11 әйел тағайындалған, ал ерлердің қарасы 5-тен аспаған. Десе де Париж мэрі Анн Идальго бұл айыппұлды өзіне орынбасар әйелдермен және аппараттағы әйел қызметкерлермен бірігіп төлемек.

Ерлерді кемсіткені үшін айыппұл салынды

0 пікір
Мұрағат