Ендігі жерде «жалаңаш» суреттерді жібергендер де бас бостандығынан айырылады
Ендігі жерде «жалаңаш» суреттерді жібергендер де бас бостандығынан айырылады
4 жыл бұрын 5221 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Финляндияда төсек қатынасына тұспалдап шақыру мақсатында арсыз «жалаңаш» немесе эротикалық сипаттағы суреттер жібергендерді де заңмен қудаланып, алты айға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін заңнамалық түзетуді енгізбек. Осылайша аталған ел билігі төсек қатынасына мәжбүрлеу туралы заңнаманы қайта қарастырып жатыр. Дәлірегі, бұрны тек жанасу арқылы немесе күштеу арқылы төсек қатынасына тарту бойынша жауапкершілік қарастырылған аталмыш заңға «ауызша, фотосурет, видео немесе хабарлама» түрінде де арсыздыққа шақырғандар да жазалауды көздейтін түзету енгізілмек. Аталмыш заңның жаңғыртылған нұсқасы келесі жылы дайын болады. Осы орайда Plan International деп аталатын балалар құқығын қорғайтын коммерицляық емес ұйым келтірген дерекке қарағанда, әлем бойынша сауалнамаға қатысқан 14 мыңнан аса жас қыздар мен қыз балалардың жартысынан астамы интернетте төсек қатынасына тартатын мұндай арсыздықпен бетпе-бет келгенін жасырмады. Ондай-ақ, бұл бағытта жүргізілген зерттеу нәтижесі көрсеткендей, әлемде 15-25 жас аралығындағы жастардың 35 пайызы әлеуметтік желіде төсек қатынасына ашық шақыратын мұндай азғындыққа куә болғанын жеткізген. Осыларды ескерген аталған скандинавиялық ел зорлаудың заңдық анықтамасын заман талабына сай ішінара өзгертпек. Аталмыш заңның жаңғыртылған нұсқасында зорлау тек күш көрсету ғана емес, сонымен қатар, жәбірленушінің келісімінсіз төсек қатынасы ретінде сипатталатын болады. Сөз соңында әлеуметтік желіде эротикалық фото-суреттер мен видеоны төсек қатынасына шақыру үшін пайдалануға 2010 жылы Шотландияда, 2019 жылы АҚШ-тың Техас штатында заңсыз әрекет ретінде танылғанын айта кетуге тиіспіз.

0 пікір
Мұрағат