|
Енді жарты жылдан кейін сутегі бомбасына қол жеткізеді
|
Азулы АҚШ-тың айбынынан ықпай, әлем қауымдастығының айыптағанына айылын жимай, әлемнен оқшауланып қалса да Солтүстік Корея атом қаруына ие болды, зымырандарын дүркін-дүркін сынақтан өткізіп жатыр. Санкцияның астында қалса да, көрші елдермен қырғи қабақ болса да, алған бетінен қайтпай, қаруын жетілдіру үстінде табандылық танытып келеді. Енді жарты жылдан кейін өз ғалымдары мен мамандарының күшімен сутегі бомбасын жасап шығаратын болады. Бұл жайында Fox News ақпарат көзі Пентагонға сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Кәрістердің бұл сутегі бомбасы екінші дүниежүзілік соғыстың соңында Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларына тасталған бомбадан бірнеше есе қуатты болмақ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр