Ең қорқынышты соғыс басталып кеткен...
Ең қорқынышты соғыс басталып кеткен...
7 жыл бұрын 6973 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қазір әлемдегі геосаяси жағдайдың ушығуына байланысты адамзатты үшінші дүниежүзілік соғыс тақырыбы толғандыруда. Тіпті, бұл тақырып, былайғы әлеммен шаруасы жоқ, айранын ұрттап, қойын құрттап жүрген қоңыртөбел тіршілік соңындағы адамдарды да, білетіні тек ойын-сауық бозымбайларды да мазалайды десек, артық айта қоймаспыз. Десе де олардың бәріне тән бір нәрсе: үшінші дүниежүзілік соғысты тек ядролық соғыспен байланыстырады және адамзат өртеңнен жаңа өмірді бастайды деп ойлайды десе, тағы қателесе қоймаспыз. Алайда, соғыс әлдеқашан басталып кеткен еді, өкінішке қарай. Бұл соғыстың аты - экономикалық соғыс. Мәселен, милитаризацияланған экономика және жалған парадигма. Батыс пен Шығыстың арасындағы жанжал тұтанғалы қай заман. Экономикада. Сөз орайы келгенде айта кету керек, қай соғыста болмасын, қандай соғыс болмасын, мейлі ол ядролық, мейлі ол лоялды, мейлі ол экономикалық, т.б. соғыста ең алдымен қаржы қазанының қақпағын ұстағандар ұтады. Соғыстың кез келген түрі оларға капиталды қолында шоғырландыруына мүмкіндік береді. Соғысқа алдымен солар мүдделі. Қаржының қақпағын ұстағандар деп, тек халықаралық ірі банктерді немесе олигархтарды айтпаймыз, олардың арасында авторитарлы басшылар да, диктаторлар да, саяси элита өкілдер де ұшырасады. Мәселен, соңғы уақытта әлемнің екі алып державасы арасындағы сауда соғысын алайық: екі елдің де экономикалық тұрғыдан қарсы тұруға тетіктері бар. Бірақ, екеуі де бір-біріне тәуелді. Бұл соғыста екі тарап та ұтылмаса, ұтпайды. Долларға балама жоқ деп жүргенде, криптовалюта және блокчейн технологиясы пайда болды. Әзірге адамзаттың ол туралы білері шамалы. Электронды қаржы доллардың орнын басуы мүмкін. Бүгін болмаса, ертең. Ертең болмаса, арғы күні. Бірақ, түбінде доллардың күні батады. Мұны АҚШ билігі білмей отырған жоқ, тек жанталас бар. Бұл жанталас (көбісі адамзаттың назарын басқа жаққа бұру үшін қолдан ұйымдастырылған қойылым) геосаяи жағдайды ушықтыруға итерлемеп отырғаны да жасырын емес. Қатты бір дауыл тұрса, бейнелеп айтқанда немесе алапат дағдарыс орын алса, криптовалюта мен блокчейн технологиясына жаппай жол ашылуы мүмкін. Тығыны ағытылған тоған суы секілді. Ол ол ма, дағдарыс басталып кеткен. Ол сауда соғысы түрінде көрініс беруде. Оның арты тғырыққа ұласып, тығын ағытылуы да мүмкін. Бәрі мүмкін. Қытайды алайықшы, долларға тәуелділіктен арылу үшін 2005 жылдан бері талпыныс жасап келеді. Алдымен өздерінің ұлттық валютасы - юанмен құнды қағаздар шығарудан бастады. Ол кездегі олардың бұл талпынысына күлгендер көп еді. Қазір күлмейтін болды. Өйткені, Қытай өзінің өтімділігін (ликвидность) соңғы 13 жыл ішінде түрлі тетіктер мен құралдарды,  соның ішінде юанды да пайдалана отырып, триллион долларға жеткізді. Қазіргі уақытта мұнай фьючерсі әлемнің барлық түкпірінде юанмен саудаланады. Өйткені, Қытай аса ірі экспорттаушы әрі импорттаушы елге айналған. Мұның арты "сауда соғысына" ұласып, АҚШ-тың жанталаса тал қармауымен аяқталғанынан байқаймыз. Қытай осылайша доллармен күрестегі алғашқы жеңісінің жемісін көре бастады. 

5 пікір
  • Осы сайт ашылғанда материалдары өте жақсы еді. Қазір басқа сайттардың кебін киіп келе жатыр. Түймедейді түйедей етіп көрсеткісі келетін жарнама тақырыптар... Дін адамды оптимист болуға тәрбиелейтін сияқты еді.
    7 жыл бұрын
  • Сіздің қандай ниетпен бұлай айтып отырғаныңызды білмеймін. Бірақ, сіздің көбіне ілік іздеп, жазба жазып жүргетініңізді ылғи байқайм. мен басқаша олайм. Бұл сайт алғашқы ашылған кездегіден қайта байсалды қалыпқа түскен. Тақырыптарды жақсы талдайды. Басқа сайттармен салыстырмас едім өзім. Өйткені, осы сайт алғаш ашылған кезден үзбей қарап келе жатырмын. мына мақала да дұрыс жазылған деп ойлайм. осындай мақалалар көп болса деп ойлайм. көзің ашылады.
    7 жыл бұрын
  • Асалама-алейкум!
    Қателескен шығармын. Кешірім сұраймын.
    7 жыл бұрын
  • Құрметті оқырман! Сіздердің осылайша пікір білдіріп, сайтқа жанашыр білдіргендеріңізге алғыс айтуға болады. Алайда, мынаны ескерсеңіздер екен: біріншіден, "клиент всегда прав" дейтін тұтынушылық таным бұл жерде жүрмейді. Аудитория ауқымды: танымы басқағ талғамы бөлек қанша оқырман бар, олардың бәрінің көңілінен бірдей шығу мүмкін емес. Десе де осылай өз пікірлеріңізді білдіріп отырсаңыздар, сайт жұмысының алға басуына көмектесесіздер.
    7 жыл бұрын
  • Ассалама-алейкум!
    Сайт қызметкерлерінен тағы да кешірім сұраймын. Мен жақсы жақтарын жазбаппын. Әйтпесе, бұл сайтты да пәтуаларын да көп пайдаланамын.
    7 жыл бұрын
Мұрағат