Ең нас елдер аталды
|
Кезінде Жорж Гэллап есімді америкалық әлеуметтанушы профессор негізін қалаған WIN/Gallup қоғамдық пікір институты жүргізген әлеуметтік зерттеу нәтижесіне сәйкес әлемдегі ең нас, яғни, жеке бас тазалығына немқұрайды қарайтын елдердің алғашқы бестік құрамына Нидерланды (әрбір екінші тұрғын әжетханадан шыққаннан кейін қолын жумайды), Италия (халқының 43 пайызы әжетханадан соң қолын жумайтын болып шықты), Испания, Франция және Ресей кірген. Бұл жайында islam.kz порталы аталған институт дерегіне жөн сілтей отырып мәлім етеді. Ресейде бұл тараптағы сауалнамаға қатысқандардың 37 пайызы әжетханадан соң қолын жумайды. Франция мен Испания ресейліктерден екі пайыз төмен тұр. Ал тазалыққа Түркия мен Босния тұрғындары қатты мән береді. WIN/Gallup дерегі бойынша босниялықтардың 96 пайызы әжетханадан шыққан соң қолын жуады.Ал Түркияда бұл көрсеткіш босниялықтарға қарағанда екі пайыз төмен тұр – 94 пайыз.