Ең маңызы ресурстардың бірі таяу болашақта таусылуы мүмкін
|

Атом энергетикасы Халықаралық энергетика агенттігінің ұйғарымымен жасыл отынға, яғни, қоршаған ортаға зиянсыз энергия көзіне жатқызылған. Осыған байланысты атом энергетикасы табиғи газ бен жаңғыртпалы энергия көздеріне тән жылдам даму жолына түсті. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Атом энергетикасының қарқынды дамуы өз кезегінде аталмыш энергетиканың шикізаты – уран қорының 2082 жылға дейін таусылуына апарып соқтыруы мүмкін. Бұл туралы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен Халықаралық атом энергетикасы жөніндегі ядролық энергияға қатысты баяндамада айтылған. Қазақстан – уран қоры бойынша күллі әлемде жетекші орында тұр. Одан кейінгі орындарға Канада, Намибия, Австралия, Өзбекстан және Ресей Федерациясы жайғасқан. Қазақстан табиғи уранның барланған қорлары бойынша әлемде екінші орында. Барланған дүниежүзiлiк қорлардың 14%-ға жуығы Қазақстан Республикасының жер қойнауында шоғырланған. Елдің барланған қорларының жалпы мөлшері 700 мың тоннадан астам уранға бағаланады. Дегенмен, осыдан бір ай бұрын Қытай аумағынан уранды алмастыра алатын әрі уранға қарағанда энергетикалық сипаты жағынан озық металдың (тория) табылғаны турасында жазғанбыз (қараңыз: Қытайда 60 мың жылға жететін, уранды алмастыратын металл табылды). Торилік реактор шағын келеді әрі сумен салқындату процесіне мұқтаж емес, бұдан бөлек, ұзақ уақыт сейілмейтін радиоактивті қалдықтарды аз бөледі. Қытай аумағынан табылған тория қоры алпыс мың жылға жетеді.




