Ең дені сау елдер рейтингісі жарияланды
Ең дені сау елдер рейтингісі жарияланды
2 жыл бұрын 1462 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Бұл тізімде ұзақ өмір сүру бойынша көш бастаған Жапония халқы бірінші орында тұр. Одан кейінгі орынға Швейцария мен Куба табан тіреген. Британ сарапшыларының қорытындысы осындай. Бұл жайында islfm.kz порталы Express ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта британдық мамандар тұрғындары саламатты өмір салтын ұстануда өзгелерге үлгі көрсететін он елдің тізімін жасады. Аталмыш рейтингті түзу кезінде сарапшылар ауа сапасы, қауіпсіздік деңгейі және жылына болатын шуақты күндер саны сияқты көрсеткіштерді ескергені атап өтілген. Сондай-ақ, елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы, жергілікті тұрғындардың семіздік індетіне шалдығу деңгейі және денсаулық сақтау жүйесінің халыққа қаншалықты жақындығы сарапталды. Неге күншығыс елі бұл рейтинте көш басынан көрінді? Ең басты ерекшелігі – елдегі қоғамдық көлік жүйесінің өзгешелігі әсер еткен, дәлірегі, қоғамдық көлік жүйесінің жақсы болуына байланысты адамдардың дені жекеменшік көліктерімен емес, қоғамдық көлікті пайдаланады. Міне, осындай себеппен, ауаның ластану деңгейі төмен. Бұдан бөлек, аталған арал мемлекеттегі тұрғындардың семіздік індетіне шалдығу деңгейі төмен: халықтың тек 3,6%-ы ғана артық салмақтан зардап шегетін болып шықты. Сондай-ақ, бұл рейтингтегі алғашқы ондық құрамындағы елдер:

1. Жапония

2. Швейцария

3. Куба

4. Словения

5. Армения

6. Хорватия

7. Финляндия

8. Полша

9. Белгия

10. Италия

0 пікір
Мұрағат