Электрмен жүретін көлікке жаппай көшу науқаны Қытай мен Үндістанның экологиясына қауіп төндіреді
|
Электрмен жүретін көлік экологиялық жағынан таза көлік саналады, алайда, шындығында бұлай болмай шықты. Бұл жайында islam.kz порталы интернет дерек көздеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Принстон ғалымдары көліктің өзі емес, оның өндірісі қоршаған ортаға елеулі залал келтіретінін анықтады. Дәлірегі, аккумулятор өндірісінен атмосфераға зиянды заттарды молынан бөлінеді. Соның ішінде аккумулятор өндірісіне қажетті никел және кобальт секілді минералдарды тазалау кезінде күкірт диоксиді ауаға көптеп бөлінеді. Бұл бағыттағы зерттеу электр көлігінің өндірісі шоғырланған Қытай мен Үндістанда жүргізілген екен. Бұл технологияға енді ден қойған Үндістан аталған минералдарды өндіру мен энергетикалық сектордағы жұмыс кезінде осындай қиындыпен бетпе-бет келіп отыр. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, электр көлігін пайдалану кезінде емес, оның өндірісі кезінде қоршаған ортаға едәуір залал келеді. Бұл тығырықтан шығудың бірден бір жолына аккумулятордың жаңа түріне ауысуды жатқызып отыр сарапшылар. Мәселен, кобальт пен никелді қажет етпейтін литилік-темір-фосфатты батарея электр көлігін өндірісуде зиянсыз.