Электр игілігін көрмеген тайпалар да уақытында ұйықтамайды
Электр игілігін көрмеген тайпалар да уақытында ұйықтамайды
9 жыл бұрын 3615

Ғалымдардың көбісі осы заманғы адамның ұйқы режимінің бұзылуына жасанды жарық, яғни, электр жарығы себеп болып отыр деп есептейді. Нақтырақ айтқанда, дер уақытында ұйықтауға теледидар, гаджет, т.б. электрмен жұмыс істейтін құрылғылар мен техникалар «бөгет» жасайды. Алайда, ғылыми-техникалық жетістіктің не екенін білмейтін, яғни, осы заманғы техниканың игілігін пайдаланбайтын тайпалардың да үлкен мегаполисте тұратындардан бұл мәселеде еш айырмашылығы жоқ болып шықты. Зеттеушілер тобы электрсіз өмір сүріп жатқан, аңшылықты кәсіп еткен тайпалардың (Олардың екеуі Африкада және біреуі Оңтүстік Америкада, дәлірегі, Боливиядағы чимандар, Танзаниядағы хадзалар, занамиялық сан бушендері) тіршілігін бақылаған. Олар әлеуметтік желіге байланып қалмаған немесе теледидар қарамайды. Сонда да олардың да шамамен түнде 6,4 сағат ұйықтайтынын байқаған. Зерттеушілер олардың күн батқаннан кейін ұйықтап, таң атпай жатып тұрып алатындарын да аңғарған. Көз байланып, қараңғылық түскен соң олар алау жағады. Артынан шыбық пен бұтақтан өрілген, сабан төселген күркелеріне барып жатады. Ғалымдар 98 адамды 1165 тәулігінде түнімен бақылаған. Оларға қолға тағатын құрылғы (адамның ұйқығы кететін уақытын және жарық түсетін мезгілді білдіретін құрылғы) тағып жүруге көндірген. Аборигендер күн батқаннан кейін орташа есеппен алғанда 3,3 сағаттың ішінде ұйқыға жатқан және күннің шығуына бір сағат қалғанда оянған. Ғалымдар сан және чиман тайпалары тұратын өлкеде түннің 11 сағатқа созылатынын әрі бушмандар тайпасын мекендейтін өңірде таң алдында күннің едәуір суытатынын аңғарған. Адамдардың дені ауа салқын тартқанда ұйқыға бас қоятынын және таң алдында жылына бастаған кезде оятынын да қаперге алған болатын. Ғалымдар осынау климаттық ерекшеліктерді ескере отырып, адамдардың ұйқыдан оянуына белгілі бір дәрежеде төңіректің жарық тарату және ауа температурасының көтерілу деңгейінің өз әсерін тигізетінін байқаған. Аборигендердің ұйқысы тыныш екенін, ұйқы кезінде мазасызданбайтынын да байқаған.

0 пікір
Мұрағат