Елбасы Бейбітшілік және келісім мұражайын құруды ұсынды
|
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада Бейбітшілік және келісім мұражайын құруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап. Елбасы мұндай ұсынысты 11 маусымда Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының V Съезі барысында айтты.
"Мен осы ғимаратта (Бейбітшілік және келісім сарайы) Бейбітшілік және келісім мұражайын ашуды ұсынамын", - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Бейбітшілік және келісім сарайы 2003 жылы І съез қатысушыларының шешімі бойынша аталмыш форумдарды өткізу шешімімен салынғанын еске түсірді.
"Идеямның негізі бұл ғимаратта барлық діндердің дұға ету орындарының көзделуінде жатқан болатын. Менің ойымша, бұндай мұражай қажет. Ол адамзат дамуы мәселелеріне шешімдерін жалпыландыру, діндер мен халықтардың арасындағы бейбітшілік пен өзара түсіністікті күшейту үшін маңызды болады", - деп қосты Елбасы.