Ел жаңалықтары: ОҚО тұрғынының денесінде ғайыптан арабша жазулар пайда болады (фото)
|
ОҚО тұрғыны Карибова Насипаның денесіне соңғы бір жылдан бері араб тілінде түрлі жазулар шығады. Ол алғашында қорқып ауыл молдасына барыпты. Имамдар қыздың денесінде пайғамбар мен Алла есімдері жазылғанын анықтаған. NUR.KZ тілшісіне хабарласқан Насибаның өзі мұндай жағдайды бұрын-соңды басынан кешіргендер бар-жоғын білгісі келетінін айтты.
22 жастағы бойжеткен денесінің кез келген жеріне жазу пайда болардан екі-үш күн бұрын ауыратынын, жазу шыққаннан кейін тағы бірнеше күн тұрып, ғайыптан жоқ болып кететінін айтады.
Насипаның өзі "Бұны Жаратушыңың бір құдыреті деп білемін. Сондықтан денемнен көрінген жазуларды құрту үшін дерматолгқа, дәрігерге барудың қажеті жоқ деп ойлаймын", - дейді.
Насипа жақын күндері денесіне шығатын жазуға байланысты кеңес сұрап, Қырғызстанда тұратын шейхтер әулетіне бармақшы екен.
Халал таңбалы шұжықтан кезекті рет шошқа ДНК-сы анықталды
Астанада еркін сатылып жатқан "Халал" таңбасы бар шұжықты арнайы зертханаға апарғанда, өнімнен шошқаның ДНК-сын анықталған. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі 7 арнаға сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Бұған дейін жүргізілген кейбір зерттеулер де шұжық өнімдерінде харам қоспалардың бар екендігін көрсеткен болатын. "Халал" таңбалы тауар алғаш рет Малайзияда осыдан 40 жыл бұрын пайда болыпты. Қазір бұл стандарт әлемнің 180 елінде бар. Қазақстанға келгеніне 10 жылдың жүзі. Бірақ әлі күнге оған қатысты күмәнді жайттар айтылуда. "Тәуелсіз тексерістер болды. Сол тексерістің нәтижесінде шындығын айту керек бірнеше халал өндіретін мекеменің өнімі халалға сәйкес болмады", - дейді ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев.
Әдетте даулы іске араласа бермейтін діни басқарма бұл жолы шыдамады. Әрине, нақты қай мекеменің өнімі таза болмай шыққанын айтпайды, бірақ, факт бар.
Отандық "Халал" индустриясының басы-қасында жүрген Марат Сәрсенбаев болса, бұл айтылғандар негізсіз деп санайды. "Ондай компаниялар болған емес. Жай сөздер ғой. Бәрін тексердік. Шошқа етін қосқанына күмәндәнамын. Расында да біз бәріміз бір-бірімізден күмәндануымыз мүмкін. Олар не айтып отыр? Бұл жерде басты мәселе сізде халал сертификаты бар", - дейді "Қазақстанның халал индустриясы" қауымдастығының төрағасы Марат Сәрсенбаев. Дүкеннен халал таңбалы екі шұжық Астандағы Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығының зертханасында тексерістен өткен. Сынақ жұмыстары 9 деңгейден өтіп, 4 сағаттан соң нәтижесі де дайын болды. Нәтижесі көңілден шықпады. "Тексеріс нәтижесінде екі шұжықтанда шошқаның ДНК-сі анықталды. Мұны халал деп айта алмаймыз. Бірақ шұжықтарда халал таңбасы болды", - деді "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ зертхана меңгерушісі Майра Садықова. Өз ісіне жауапсыз қарайтын мекемелер зиянын тигізе ме деп шошиды ма, әйтеуір еліміздегі үш кәсіпорын енді халал атауымен емес, муфтият ұсынған "адал" атты маркамен тауар шығаруға ниеттеніп отыр. Ал Қазақстанда "халал" сертификатын алған 600-ге тарта кәсіпорын бар.
ОҚО тұрғындары радиоактивті затты $1 млн-ға сатпақ болған
Оңтүстік Қазақстан облысында екі ер адам 1 миллион долларға радиоактивті затты сатпақ болғаны үшін сотталды.
Сот тергеуінде төмендегі оқиғалар анықталды. Сотталушылар алдын ала сөз байласқан адамдар тобына "Цезий-137" радиоактивті материалдарын $1 млн-ға сатпақшы болған. Осы мақсатпен олар Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы, Ахмет ата ауылынан 1 км ара қашықтықта "Цезий-137" радиоактивті материалдарын заңсыз иемденіп алып, "У" деген азаматтың басқаруындағы "Daewoo Nexia" автокөлігінің жүк салғышына салып, Шымкент қаласына заңсыз тасымалдаған. Сөйтіп олар 2014 жылдың 25 қазан күні сағат 20:50 шамасында ұсталды. Қылмыстық іске бармақ болғандары дәлелденген олар 2 жылға бас бостандығынан айырылды.